Ғылым апталығы аясында 2023 жылдың 12 қаңтарында БҚИТУ инженерлік-гуманитарлық факультетінің Мұнай-газ ісі кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының “жоғары білім шеңберіндегі ғылымды дамытудағы инновациялар” атты ғылыми семинар өткізілді, оның мақсаты ПОҚ-тың 2022 жылғы ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша қорытынды шығару болып табылады.
Кафедра оқытушыларының ғылыми қызметін дамытудың 2023 жылға арналған перспективалары талқыланды. Семинарда кафедра оқытушыларының РФ жоғары оқу орнының аспиранттары/ізденушілері ретінде ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалуы туралы Г.Е.Калешеваның: “Қаражанбас кен орнының геологиясы,мұнай – газдылығы және тұтқырлығы жоғары мұнайды игеру технологиясын жетілдіру” тақырыбындағы есебі тыңдалды; 2022 жылғы ұйымдар мен кәсіпорындардың тапсырыстары бойынша ҒЗЖ орындалуы туралы есептер-ғылыми жетекші: қауым.профессор, т.ғ.к С.З.Ахметжан – “Резервуарлардың ішкі беттерін тазалау және бақылау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу”; 2023-2026 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысу үшін ҚР ҰҚМ Ғылым комитетіне, ҚР АШМ және т.б. жобаларды іске асыру туралы есептер – қауым.профессор, т.ғ.к. Л.А.Чурикова – “табиғи, сұйытылған табиғи және сұйытылған көмірсутекті газдар негізінде тұтынушыларды газбен жабдықтаудың жүйелік тиімділігін қалыптастыру”

