2024 жылғы 6 қарашада сәулет және құрылыс кафедрасының аға оқытушысы Б. Н. Аманова “Заманауи қасбеттік жүйелерді орнату технологиясы. Желдетілетін және желдетілмейтін қасбеттер” тақырыбында “Сәулет-құрылыс технологиялары” пәні бойынша ашық практикалық сабақ өткізді.

Сабақ барысында «Wordwall» бағдарламасы арқылы дайындалған интерактивті тапсырмалар, рөлдік ойындар, жобалық “Кейс” әдісі сияқты оқытудың әртүрлі инновациялық әдістері қолданылды және интерактивті тақтаны кеңінен пайдаланылды. Білім алушылар ашық сабаққа белсенді қатысты. Сабақтың мақсаттарына қол жеткізілді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz