9 желтоқсан күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогикалық факультетінде «Әлихан Бөкейхан – қазақ мемлекеттілігі үшін күрескен ұлы тұлға» тақырыбында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл конференцияны Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы ұйымдастырды.

Конференцияға БҚИТУ оқытушылары, сонымен қатар Ресейден шақырылған оқытушылар т.ғ.д., Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры С.В.Любичанковский, т.ғ.к., Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті Л.В. Петрич қатысты.

Алғашқы сөзді БҚИТУ ректоры Р.С.Габдуалиева сөйледі. Ол өз сөзінде Әлихан Бөкейханның егемендік үшін күрескен нағыз батыр ұлы тұлға екенін айтып өтті. Біздің тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуымыз осындай даңқты батырларымыздың арқасында деп білеміз.

Конференцияда оқылған баяндамалар: т.ғ.к., БҚИТУ профессоры С.Б.Құрманалин «Әлихан Бөкейханов – қазақ ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшысы», т.ғ.к., Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті Л.В.Петрич «1920-1925 жылдардағы Орынбор өңіріндегі қазақтар арасында сауатсыздықты жою», ф.ғ.д., БҚИТУ профессоры М.Б.Сабыр «Әлихан Бөкейхан көтерген тіл мәселесі: кеше және бүгін», т.ғ.к., БҚИТУ доценті Р.Л.Абдрахманова «Әлихан Бөкейхановтың саяси, ғылыми-публицистикалық және ағартушылық көзқарастары», т.ғ.к., БҚИТУ профессоры Ж.Т.Ерназаров «Алаш Орда қайраткерлерінен Тәуелсіз Қазақстанға дейінгі мемлекеттілік идеясының эволюциясы».

Конференциядан кейін секция бойынша оқытушылар баяндамаларын оқыды. Пленарлық мәжілістің соңында оқылған баяндамалар  туралы жан-жақты пікір айтылып, конференция қорытындыланды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz