2024 жылдың 4 желтоқсанында Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушылары Ж.Е.Кадыржанова және Б.Н.Амангелдиева Орал қаласының ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысымен ұлттық құндылықтарды дәріптеу және тарихимызды насихаттау аясында жүзеге асырылып жатырған әлеуметтік жоба бойынша ұйымдастырлыған «Жастар ортасындағы аддиктивті мінез‑құлық» атты оқыту семинарына қатысты.
Семинар‑тренингті жүргізген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Республикалық ақпараттық‑түсіндіру тобының сарапшы‑психологы Л.С.Шакимова.
Семинар‑тренинг барысында қазіргі қоғам үшін өзекті мәселеге айналып отырған жастар ортасындағы аддиктивті мінез‑құлықтың пайда болуына әсер ететін психологиялық, әлеуметтік және мәдени факторлар, аддиктивті мінез‑құлықтың туындауына әсер ететін химиялық және биологиялық, психологиялық, экономикалық себептері талқыланды. Аддиктивті мінез‑құлықтың алдын‑алуда отбасылық қолдау, медициналық көмек, әлеуметтік жұмыстардың ерекшеліктері мен маңызы туралы тәжірибемен негізделген мәліметтер баяндалды. Семинар‑тренингтің мақсаты ‑ жастар ортасындағы аддиктивті мінез‑құлықты ерте айқындау мен алдын‑алу жұмыстарының кешенділігін және қоғам мен мемлекет тарапынан қолдау жұмыстарын талап ететіндігін түсіндіру.