2025 жылғы 8 сәуірде Қазақстан Ғылым қызметкерлері күнінің кәсіби мерекесі қарсаңында салалық технологиялар институтының 25 жылдығына арналған «Жастар және ғылым – Қазақстанның болашағы» атты техникалық мамандықтарының 1 курс студенттерімен салтанатты іс-шара өтті. Химия ғылымдарының докторы, ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының профессоры Бурахта Вера Алексеевна студенттерді Қазақстандағы ғылымның қалыптасу тарихымен, сондай-ақ Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде ғылымның 25 жылдық даму тарихымен таныстырды. Тұсаукесерде салалық технологиялар институты ғалымдарының ғылыми мектептері, ғылым және білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық, оқытушылар мен білім алушылардың ғылыми жетістіктері таныстырылды.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz