10 сәуірде Салалық технологиялар институтында шетелдік серіктес жоғары оқу орындарының қатысуымен «Ғылыми зерттеулердегі инновациялар және білім беру практикасы: халықаралық ынтымақтастық» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Шара БҚИТУ Салалық технологиялар институтының 25 жылдық мерейтойы мен ғылым онкүндігі аясында, академик Қаныш Сәтпаевтың туған күніне орайластырылған.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда Тамбов мемлекеттік техникалық университеті, В.Н. Татищев атындағы Астрахан мемлекеттік университеті, Н.И. Вавилов атындағы Саратов мемлекеттік генетика, биотехнология және инженерия университеті, Орынбор мемлекеттік аграрлық университеті және Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінің жетекші ғалымдары мен БҚИТУ СТИ ғалымдары өз баяндамалары мен постерлік тұсаукесерлерін ұсынды.

Конференцияда жүргізіліп жатқан зерттеулердің тенденциялары мен бағыттарын ескере отырып, ғылымды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Конференцияның айрықша маңыздылығы инновациялық әдістемелермен, тәжірибелік әзірлемелермен алмасу және халықаралық ынтымақтастық үшін платформа құру болды. Баяндама тақырыптарының ішінде энергетика, құрылыс, агроинженерия, ветеринария және биология саласындағы зерттеулер ерекше көзге түсті.

Конференция қорытындысы бойынша «Ғылыми зерттеулердегі инновациялар және білім беру практикасы: халықаралық ынтымақтастық» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның мақалалар жинағын шығару жоспарланды.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Инжиниринг және кәсіби сертификаттау орталығы және академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар бөлімі.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz