16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күнін тойлайды.

«Тәуелсіздік еліміз үшін жаңа көкжиектер ашты. Дәл Тәуелсіздік жарияланғаннан кейін Қазақстанды халықаралық құқықтың толыққанды субъектісіне айналдырып, оны дипломатиялық тану процесі басталды», – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты БҚИТУ университетаралық апталық бағдарламасы аясында 10 желтоқсан күні ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасында «Менің Отаным – Қазақстаным» тақырыбында эдвайзерлік сағат өтті. Іс-шараға 6В09103-Ветеринария білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері қатысты.

Өткен жылдар ішінде Қазақстан бір мезгілде тиімді экономикалық реформалар жүргізе отырып, жаңа мемлекеттіліктің қалыптасуын бастан өткерді. Бұл мереке мемлекетіміздің еркіндігі мен тәуелсіздігінің символы болып саналады. Тарихи қысқа мерзімде Қазақстан халқы демократиялық, құқықтық және экономикалық тәуелсіз мемлекет құра алды.

Аталған іс-шара жастарды отансүйгіштікке, елін, жерін сүюге, егеменді елімізді сақтауға, оны дамытуға деген патриоттық рухты тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Іс-шара барысында студенттер Қазақстанның тәуелсіздік тарихы туралы презентациялар мен бейнероликтерді тамашалап, өз пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарға жауап берді. Білім алушылар еліміздің тәуелсіздігі – халқымыздың асыл мұрасы мен байлығы, табысымыз бен өркендеуіміздің кепілі екенін атап өтті.

Ортақ үйіміз – Қазақстан гүлдене берсін! Қасиетті Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz