2025 жылы 11 сәуір күні Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасының ықпалымен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті «Ветеринария және техносфералық қауіпсіздік» кафедрасының профессоры, биология ғылымдарының докторы Қанатбаев Серік Ғаниұлы «Жануарлардың бруцеллез ауруына қарсы күрес шаралары» тақырыбында ғылыми-кеңес ұйымдастырды. Ғылыми кеңеске Актөбе облысының ветеринария саласының мамандары мен шаруа қожалық жетекшілері қатынасты. Профессор С.Ғ.Қанатбаев өз кезегінде Қазақстан Республикасында жануарлардың бруцеллез ауруына жиі ұшырауына байланысты еліміздің экономикасына едәуір шығын келетіні туралы, жалпы бруцеллез ауруымен қалай тиімді күресіп, қалай одан тез арада құтылудың жолдары туралы кеңінен презентациялық материалдардың көмегімен баяндама жасады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жануарлардың бруцеллезіне қарсы күресудің стратегиясы мен тактикасына кеңінен тоқталды.
Ғылыми кеңес барысында ветеринария саласы мамандары мен шаруа қожалығы жетекшілерінің көптеген сұрақтарына тиянақты жауап берілді.


