Болашақ талапкерлерді сапалы жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру мақсатында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Атырау облысының мектептері мен колледждерінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
2025 жылғы 7 сәуір мен 11 сәуір аралығында кәсіптік бағдар беру және қабылдау бөлімінің мамандары К.К. Жәнияров, Б.Р. Алдонгаров жалпы білім беретін мектептер мен колледждерге барып, онда бітіруші сыныптар мен курстардың оқушыларымен кездесулер өткізді. Кездесулер аясында БҚИТУ-ға қабылдау ережелері бойынша түсініктемелер берілді, бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының тізбесі, оқу шарттары, гранттар мен жеңілдіктердің болуы, сондай-ақ студенттердің университеттің ғылыми, шығармашылық және спорттық өміріне қатысу мүмкіндіктері ұсынылды.
Болашақ талапкерлер мамандық таңдау, сұранысқа ие мамандықтар, практикадан өту және кейіннен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы сұрақтар қойып, белсенділік пен қызығушылық танытты. Біздің университетте оқытудың артықшылықтарына ерекше назар аударылды — заманауи оқу базасы, білікті оқытушылар құрамы, дамыған инфрақұрылым және студенттік өмір.