Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Тарих және құқық кафедрасында 10-наурыз күні жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша «Қазақстан тарихы» пәнінен шеберлік сабағы өткізілді. Шеберлік сабағын өткізуші – Орал қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, тарих ғылымдарының магистрі – Магзумова Арайлым Серікқызы. Шеберлік сабағының мақсаты «Қазақстан тарихы» пәнінің оқу бағдарламасы, оқу жоспарларымен және критериалды бағалау жүйесінің қолдану ерекшеліктерімен таныстыру. Оқушыларда тарихи сананы қалыптастырудағы мектептегі тарих пәнінің негізгі мақсаты айқындалып, соның ішінде: қоғам дамуының біртұтас бейнесін қалыптастыру, тарихты ойлау дағдыларын дамыту, ұлттық бірегейлікті қалыптастыру бағыттары бойынша түсіндірме жүргізілді. Сонымен қатар, жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша мазмұнды іріктеу және құру ерекшеліктері көрсетілді. Тарихты ойлау дағдыларының дамуына бағытталуы, оқытудың нақты концептілерінің, атап айтқанда: өзгеріс және сабақтастық, себеп пен салдар, дәлел, ұқсастық пен айырмашылық, маңыздылық, интерпретация негізінде құрастыруды студенттерге мысал келтіре отырып, түсіндірілді. Тарихты білу, тарихи тәжірбие мен оның сабақтарын ұғынып түсіну, өткеннің инварианттылығы мен болашақтың баламалығын ұғыну үшін ұйымдастырылған шеберлік сабағы жоғары деңгейде өткізіліп, қатысушылар құнды мәліметтер алды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz