Ағымдағы  жылдың 13 мамыр күні  ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті жанынан талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту, кадр қорын қалыптастыру мақсатында облысымыздың жоғары оқу орындары түлектері үшін  ашылған БҚО-ның  «Жаңа  талап» мемлекеттік қызмет мектебі 2021-2022 оқу жылын қорытындылау және түлектерге сертификаттарды табыстау бойынша іс-шара ұйымдастырды. Аталған шараға Батыс Қазақстан инновациялық-  технологиялық университетінің Педагогика факультетінің «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері және эдвайзерлері, Тарих және құқық кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Л.А.Климовамен бірге қатынасты. 

«Жаңа  талап» мемлекеттік қызмет мектебі мемлекеттік қызметте жұмыс атқарғысы келетін жастарға дұрыс жол сілтеп, бағдарлама аясында білімін жетілдіргендер арнайы есепке алынып, кейін жолдамамен қажетті орындарға жіберіледі.

Іс-шара барысында Департамент басшысының орынбасары А.Жұбаныш, БҚО әкімі аппаратының басшысы А.Шыныбеков, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының БҚО бойынша филиалының директоры Ш.Ғабдрахманова, мемлекеттік қызмет ардагері М.Нуртазин жылы лебіздерін білдіріп, диплом табыстады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz