2021-2022 оқу жылының 2 семестрінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің, инженерлік-гуманитарлық факультетінде сыртқы академиялық ұтқырлық шеңберінде П.А. Столыпин атындағы Ульяновск мемлекеттік аграрлық университетінің «Хирургия, акушерство, фармакология және терапия» кафедрасының профессоры, ветеринария ғылымдарының докторы Ермолаев Валерий Аркадьевич онлайн-форматта экология және биотехнология кафедрасының ВМ-42 О тобының студенттеріне «Ветеринарлық хирургия» пәні бойынша оқу сабақтарын өткізді.
Сабақ барысында ветеринарлық хирургияның топографиялық анатомиясы бар теориялық аспектілері зерттелді; асептика және антисептика әдістері, жануарларды құлату, бекіту, жергілікті және жалпы ауырсынуды басу әдістері, сондай-ақ инъекциялар, инфузиялар, қан құю техникасы игерілді; новокаин блокадаларын, емдік, диагностикалық және профилактикалық хирургиялық араласуды орындау техникасы зерттелді. Студенттер ауруларды заманауи диагностикалау үшін жануарлар организмінің функционалдық жағдайын бағалау, заманауи диагностикалық технологиялардың нәтижелерін түсіндіру дағдыларын толық меңгерді.