2021-2022 оқу жылының 18 мамырында экология және биотехнология кафедрасының 6В11201-Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік қауіпсіздігінің негіздері, 6В09103-Ветеринария, 7М09101-Ветеринариялық медицина, 6В07501-Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша академиялық комитеттерінің отырысы өткізілді. Академиялық комитеттер (АК) бакалавриаттың және магистратураның білім беру бағдарламаларын сапалы әзірлеу, олардың мазмұнын үздіксіз жаңартуды қамтамасыз ету мақсатында құрылды.

Отырысқа дайындық бағыттары бойынша жетекші ғалымдар, практик-мамандар, 16.02.2022 ж. №14 н/қ университеті бойынша бұйрыққа сәйкес АК мүшесі болып табылатын білім алушылар мен жұмыс берушілер қатысты. 2022-2023 оқу жылына арналған оқу пәндерінің атаулары, оқыту нәтижелері келісілді.

АК жұмысының қорытындысы қазіргі білім беру жүйесінде неғұрлым талап етілетін қажетті құзыреттерді қалыптастыруда үлкен маңызы бар жаңа пәндерді білім беру бағдарламаларына, элективті пәндер каталогтарына енгізу бойынша шешім қабылданды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz