Тәрбие жұмысы аясында жалпы білім беретін пәндер кафедрасының жоспарына сәйкес 2022 жылдың 24 қарашасында аға оқытушы Исагулова Т.Р.
«Тасымалдауды және көлікті пайдалануды ұйымдастыру» оқу бағдарламасының 2 курс студенттерімен , «Көлік, көліктік техника және технологиялар» әлеуметтік мәселелер бойынша кеңесші Кайкереева Г.А. «Отбасындағы және қоғамдағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында әңгіме ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: жастарға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елемізде заң бар екенін айту. Жастарға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып дамуына қолдау көрсету. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенттеріне осы тақырыптағы соңғы әдебиеттермен және материалдармен танысуға мүмкіндік беретін кездесу Жұбан Молдағалиев атындағы кітапхана базасында өтті.


