2024 жылдың 11 қазанда 6В07102 – Электр энергетикасы және 6В07105 – Автоматтандыру және басқару (салалар бойынша) білім беру бағдарламаларының 1 курс білім алушылары кафедра орынбасары және эдвайзерлермен бірге “Орал трансформатор зауыты” ЖШС-не барды.

Экскурсияның мақсаты білім алушыларды тәжірибе базаларының бірімен, трансформаторларды өндіру процестері бойынша ірі зауытпен, олардың құрылымымен және энергетикада қолданумен таныстыру болып табылады.

Экскурсия барысында шебер білім алушыларды зауытта сақталатын қауіпсіздік шараларымен таныстырып, зауыттың қысқаша тарихын, энергетикалық жүйедегі трансформаторлардың маңыздылығын айтып өтті. Сондай-ақ трансформаторларды өндіру кезеңдеріне шолу жасады.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz