БҚИТУ ИГФ-нің ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасында «Эрудит» ғылыми үйірмесінің «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» ББ студенттерімен «Зерде» зияткерлік ойыны өтті.
Интеллектуалды ойынның мақсаты – білім алушылардың ғылыми-танымдық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықты ояту, сөйлеу мәдениетін, логикалық ойлауды дамыту.
Ойындағы тапсырмалар қиындық деңгейі мен тақырыбы бойынша әр түрлі болды. Ойын үш кезеңнен тұрды: 1) Сергіту; 2) Ойлан, тап; 3) Фразаны аяқтаңыз. Тапсырмалар экология және тіршілік қауіпсіздігі саласындағы сұрақтардан тұрды. Ойынға студенттердің екі командасы қатысты.
Сұрақтарға жауап бере отырып, студенттер өздерінің білім деңгейлерін, сабақта алған білімдерін жалпылау және қолдану қабілеттерін көрсетті, өз командасының жеңісіне қызығушылық танытты және командада жұмыс істей білді.