2023 жылдың 6 сәуірі күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Педагогика факультеті, Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен дене шынықтыру және спорт, информатика білім беру бағдарламасының білім алушыларына (ФКС-111, ФКС-211, ФКС-212, ФКС-311, ФКС-312, Инф-211 топтарына) БҚО психо-наркологиялық диспансерінің дәрігері Сатанов Нұрлан Фатихоллаұлы наркомания, алкоголизм, темекі шегу тақырыптарында дәріс оқыды.

Психо-наркологиялық диспансер дәрігерімен кездесудің мақсаты – жастарды қазіргі қоғам дерті болып отырған есірткінің құрбаны болудан сақтандыру, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, есірткінің зияны және зардаптары туралы ақпараттармен таныстыру.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz