2023 жылдың 06 сәуір күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Тілдер және менеджмент факультетінің «Есеп және қаржы», «Экономика және менеджмент», «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі» кафедраларының  оқытушылары мен белсенді студенттері  қарттар үйіне барып, мерекелік көңіл күй сыйлап қайтты.

Концертте қарттар үйінің қариялары  студенттермен бірге өздерінің сүйікті әндерін шырқап, барлық белсенді оқытушылар мен студенттерге мерекелік көңіл-күй сыйлағандары үшін алғыстарын жеткізді. Белсенді топ қарттар үйіндегі қарияларды назардан тыс қалдырмау мақсатында алдағы уақытта да осы дәстүрді жалғастыруды жоспарлауда.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz