Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында келтірілген  «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамдық санада ілгерілету шараларын жүзеге асыру мақсатында 2025 жылдың 27-наурызында Білім және менеджмент институтының акт-залында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті Превенция басқармасының басшысы Хайруллин Біржан Марданұлы, Орал қалалық прокуратурасы бөлімінің прокуроры Адиетов Мұхаммед Ғилымұлы, заң ғылымдарының кандидаты, құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, запастағы полиция полковнигі Рахметов Талгат Хасанович, ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, запастағы полиция подполковнигі, құқық кафедрасының аға оқытушысы, адвокат Карагойшиев Ертай Амангельдиевич қатысты.

Шараның модераторы, БҚИТУ тәрбие ісі жөніндегі проректоры А.И.Абекешев қылмыстық іс-әрекеттердің алдын алу бағытында университет көлемінде жүргізілетін жұмыстармен таныстырып, келген лекторларға сөз берді.  Кеш барысында отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызу мәселесі, Интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер, бүгінгі қоғам дертіне айналған сыбайлас жемқорлық пен синтетикалық есірткі тұтынатындардың көбеюі мәселелері қарастырылды.

Әңгімелесу барысында студенттерге синтетикалық есірткіні пайдалану мен заңсыз өткізудің алдын алу бағытында құқық қорғау органдарының жұмысы, оларды қолданудың салдары, есірткі заттарын заңсыз өткізу үшін заңды жауапкершілік туралы ақпарат берілді. Полиция қызметкерлері жастарға есірткінің зияны мен адам ағзасына тигізетін зияны туралы айтып берді.  

Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, кездесу ашық диалог форматында өтті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz