2025 жылдың 27 наурызында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Физика, математика және ақпараттық технологиялар» факультетінде Педагогикалық мамандықтардың 2-курс білім алушылары үшін «Білім беруде сандық технологияларды және жасанды интеллектіні қолдану» пәні аясында қонақ дәріс ұйымдастырылды.
Дәрістің тақырыбы: «Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кері байланысты ұйымдастыру»
Дәріс беруші: «Дене мәдениеті және информатика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, п.ғ.к., Кажиакпарова Жадыра Сериковна
Формат: Онлайн
Бұл дәріс білім алушыларға ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы кері байланыс ұйымдастырудың негізгі принциптері мен артықшылықтарын түсіндіруге бағытталды. Дәріс барысында қазіргі заманғы сандық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын оқу процесінде қолдану мысалдары талқыланды.
Білім алушылар дәріс барысында белсенділік танытып, тақырып бойынша сұрақтар қойып, қызығушылық танытты. Онлайн дәріс интерактивті форматта өтті, бұл қатысушыларға өзара пікір алмасуға және талқылау жүргізуге мүмкіндік берді.
Дәріс соңында Кажиакпарова Жадыра Сериковна қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалануға бағытталған кеңестер ұсынды. Бұл дәріс білім алушыларға заманауи сандық құралдарды қолдану арқылы оқу процесін жақсарту бойынша құнды білім берді.
Қонақ дәріс білім беру саласында сандық технологияларды және жасанды интеллектіні қолданудың маңызды аспектілерін ашып көрсетіп, қатысушылардың кәсіби дамуына ықпал етті. Бұл іс-шара білім беру процесінің сапасын арттыруға бағытталған пайдалы тәжірибе болды.