2025 жылдың 27-наурызында БҚИТУ Білім және менеджмент институтында Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжінің және «Zein Unischool» мектебінің түлектеріне ашық есік күні ұйымдастырылды. Шараның мақсаты түлектерге кәсіби бағдар беру. Шара барысында қонақтарға институттың білім алушылары концерт қойып, дене мәдениеті және информатика кафедрасының оқытушылары ұлттық ойындарын насихаттау мақсатында мастер-класс өткізді, филология және оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушылары түлектерге өздерінің білім беру бағдарламалары бойынша консультация өткізіп, тарих және құқық кафедрасының оқытушылары «Криминалистика полигоны», «Сот мәжілісі», «Интерактивті тир» арнайы жабдықталған кабинеттерде танымдылық экскурсия жүргізді, шетел тілі және аударма ісі кафедрасының оқытушылары мен білім алушылары ағылшын пәнінен викторина өткізді.  Шараға белсенді қатысқан түлектер сыйлықтармен марапатталды. Институттың белсенді білім алушылары оқу ғимараты бойынша келген қонақтарға экскурсия өткізді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz