2026 жылғы 9 қарашада Жоғары инженерлік-технологиялық колледжде «Академиялық қызметте ЖИ құралдарын қолдану» тақырыбында мастер-класс өтті.
Іс-шара Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күніне орай «Digital Qazaqstan Day – 2026» бірыңғай тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды. Бастама цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні кеңінен танытуға, цифрлық құзыреттерді дамытуға және білім беру саласындағы заманауи технологиялық шешімдердің мүмкіндіктерін көрсетуге бағытталған.
Мастер-классты «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының оқытушылары Мысько Владимир Владимирович пен Сәрсенғалиева Ақбаян Максимқызы өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға Claude, ChatGPT және NotebookLM заманауи жасанды интеллект құралдарының мүмкіндіктері таныстырылды. Практикалық мысалдар арқылы ЖИ-ді сабаққа дайындалу, тест және практикалық тапсырмалар әзірлеу, оқу нәтижелерін талдау, көрнекі материалдар жасау және ғылыми дереккөздермен жұмыс істеу барысында қолдану жолдары қарастырылды.
Тиімді сұраныстар құрастыруға, алынған нәтижелердің дұрыстығын тексеруге, дербес деректерді қорғауға, академиялық адалдықты сақтауға және жасанды интеллектіні жауапкершілікпен қолдануға ерекше назар аударылды.
Мастер-класстың практикалық форматы қатысушыларға ЖИ сервистерінің мүмкіндіктерімен танысуға, сондай-ақ оларды оқу және ғылыми қызметте одан әрі қолдануға арналған дайын алгоритмдер мен сұраныс үлгілерін алуға мүмкіндік берді.
Іс-шара оқытушылардың цифрлық құзыреттерін дамытуға, кәсіби тәжірибе алмасуға және білім беру үдерісіне заманауи технологияларды енгізуге ықпал етті.




