2024 жылғы 27 қыркүйекте Jaiq Hub пен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл маңызды құжат it бағдарламалар мен жобаларды бірлесіп жетілдіруге бағытталған, бұл біздің өңірде инновациялық шешімдерді дамытуға маңызды қадам болады.
Тараптар ынтымақтастықтың мынадай бағыттары туралы уағдаласты:
- IT зерттеу жобаларының ақпараты мен материалдарымен алмасу.
- IT жобалар мен бағдарламаларды дамыту және жетілдіру.
- Серіктестік жобалардың нәтижелерін халықаралық басылымдарда жариялау.
- Тағылымдаманы қоса алғанда, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың біліктілігін арттыру.
Екі тарап белсенді ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын екендіктерін растады. Осы Меморандумға қол қою білім беру мекемелері мен бизнес арасындағы әріптестікті одан әрі дамыту үшін жаңа көкжиектер ашады.
Бұл ынтымақтастық айтарлықтай нәтиже беретініне және біздің өңірде IT-саланың өсуіне ықпал ететініне сенімдіміз.

