2024 жылдың 26 қыркүйегінде мұнай-газ инженериясы кафедрасында мұнайшылардың кәсіби мерекесін атап өтуге, сонымен қатар ардагерлер күні қарсаңында кафедрада дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараға мұнай-газ саласында көп жыл еңбек еткен, бар ғұмырын осы салаға арнаған мұнайшы ардагерлер шықырылды: Махуов Балтабек Махуович «Мұнай-газ кешенінің ардагерлері» республикалық ҚО-ның БҚО бойынша филиалы жетекшісі, мұнайшы ардагерлер: Арыстанбай Сырым Дүйсентайұлы, Салихов Меңдеш Халелович, ЖШС Жайық-Мұнай» жетекші геологы Ергалиева Шолпан. Олардың әрқайсысы өздерінің еңбек жолдарымен, қызықты естеліктерімен бөлісті, болашақ мамандарға өз ақыл-кеңестерін айтты.
Сондай-ақ кафедрамыздың құрылғанынан бастап қызмет етіп келе жатқан, университетіміздің дамуына елеулі үлес қосқан оқытушылар да өз пікірлерімен бөлісті. Олар: Салалық технологиялар институтының директоры, Мұнай-газ инженериясы кафедрасы маңгерушісінің м.а. Билашев Б.А., Ихсанов К.А., Калешова Г.Е., Нугманов А. М, Бикетов Б.А., Бактугулов Е.
Шара жоғары деңгейде өтті, Білім алушылар мен магистранттар ардагер-мұнайшыларға өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, мардымды жауаптар алды.
Өңірдің мұнай-газ өндірісінің қалыптасуы мен дамуына баға жетпес үлес қосқан мұнайшы ардагерлер өскелең ұрпақ үшін үлгі!

