11 сәуір күні «Есеп және қаржы» кафедрасында Ғылым онкүндігінің аясында «Ғылымдағы жол» тақырыбындағы шара өткізілді. Шараға халықаралық және республикалық деңгейде конференцияларға, олимпиадаларға, семинарларға қатысып, грамоталармен және сертификаттармен марапатталған «Қаржы» ББ, «Есеп және аудит» ББ, «Туризм» ББ студенттері қатысып, өздерінің жетістіктеріне тоқталып, ғылым жолындағы ізденістері туралы айтып өтті. Қатысқан студенттер алғыс хаттармен марапатталды.