11 сәуір Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ тілі мен әдебиетінің теориялық және әдіснамалық мәселелері» атты ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Ғылыми-әдістемелік семинардың мақсаты  мектеп-университет ынтымақтастығын нығайту, оқушылар мен студенттердің білім сапасын арттыру және қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселері мен тиімді әдіс тәсілдерін талдау болды. Семинарға қалалық жалпы орта білім беретін мектептерінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  білікті ұстаздары мазмұнды баядамаларымен қатысып, кафедрамыздың профессор-оқытушыларымен тәжірибе алмасты.

Семинар қызу пікірталасқа ұласып, соңында қатысушыларға Тілдер және менеджмент факультетінің деканы А.А.Раманова сертификаттар табыс етті.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz