11 ақпанда Тамбов мемлекеттік техникалық университетінде Халықаралық ғылымдағы әйелдер мен қыздар күніне орай «Ғылым, білім, бизнестегі әйел» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар әйелдер көшбасшылығы, мансаптық кедергілерді еңсеру, басқарушылық және білім беру қызметіндегі әйелдердің рөлі мәселелеріне назар аударды. Пікірталасқа Ресейдің 19 өңірінен өкілдер, сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстаннан әріптестер қатысты.
Отырысқа энергетика, автоматтандыру және есертеу техникасы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Садыкова Лязат Анатольевна қатысты. Оның баяндамасы цифрландыру дәуіріндегі әйел көшбасшылығы феноменіне арналды. Заманауи әйел – кәсібилік, эмоциялық интеллект, үздіксіз өзін-өзі дамыту және тәлімгерлік қасиеттерін үйлестіре білетін тұлға. Бұл сипаттар бүгінгі таңда бәсекеге қабілеттіліктің негізгі құралдарына айналып отыр.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылардың ұсыныстары негізінде қарар қабылданатын болады. Ұйымдастырушылар кәсіби әйелдер қауымдастығын біріктіретін ақпан айындағы дәстүрлі кездесулер жалғасын табатынына сенім білдірді.

