Ағымдағы жылдың 24 қарашасы күні сапа апталығы аясында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Педагогика факультеті, Тарих және құқық кафедрасының оқытушылары А.Карим, Х.М.Кусдавлетов пен Ж.М.Жайлыбаева Қылмыстық құқық, Қылмыстық іс жүргізу құқығы, Адвокаттық құқық, Заңгердің этикасы пәндері бойынша «Басты сот талқылауы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. БҚИТУ-нің «Құқық қорғау органдары» және М.Өтемісов атындағы БҚУ «Құқықтану» білім беру бағдарламаларының студенттеріне қылмыстық іс бойынша сот отырысының имитациясы ұсынылды. Имитациялық сот мәжілісінде ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша негізгі сот отырысы тыңдалды. Көрермендер, «Құқық қорғау қызметі» білім бағдарламасы бағытында оқытылатын материалды өз теориялық білімдерін тәжірибелік-бағдарлық сабақтарда бекіту және құқықтық актілерді қолдануы арқылы жүзеге асыратындарына куә болды. Ашық сабақтың қорытындысы бойынша қонақтар алдағы уақытта студенттерді заң аясында білім бағдарламалары бойынша даярлауда ынтымақтастыққа болуға ниеттерін білдірді.
