2024 жылдың 6-наурызында Орал қаласы Абай Пб ЖПҚб КТІЖ полиция майоры Дәулет Максутович Курмангалиев пен полиция майоры Надья Фатиховна Ильясова университет студенттерімен «Құқық бұзушылықты болдырмау үшін не істеу керек?» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу мақсаты – жасөспірімнің бойына құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет-қылық қалыптастыру.
Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр, себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған жасөспірімдердің саны азаяр емес. Бұл санатқа, көбінесе отбасылық жағдайы нашар балалар жатады.
Адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттермен, әрбір жақсы істердің шапағаты туралы түсінік беру, жақсылықты сезініп, бағалай білуге үйрету, қоршаған ортаға, адамдарға мейірімді қатынас жасай алу және жақсылықты түсіне білу дағдыларын, студент-жастарды сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, сыпайылыққа, қайырымдылыққа, қамқоршы болуға баулу тақырыбы қаралды. Сонымен қатар жасөспірім балаларға темекі, спирттік ішімдік зиянды заттарды сатуға болмайтынын, тәрбие отбасыдан басталатынын, студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу туралы әңгіме жүргізілді.


