2021 жылдың 5 қарашасында БҚО Полиция Департаменті Абай полиция бөлімінің акт залында, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Құқық қорғау қызметі» білім бағдарламасының 3-курс студенттері Абай полиция бөлімінің криминалдық, тергеу және криминалистика бөлімдерінің қызметкерлерімен «Сотқа дейінгі қылмыстық істерді тергеу ісі» пәнінен алған теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру мақсатында танымдық кездесу өтті.

Кездесуде Абай полиция бөлімінің қызметкерлерімен қылмыстық істерді тергеу мәселесі, соның ішінде азаматтарды қабылдау, арызды тіркеу, қылмыстық істі қозғау негіздері, тергеуді электронды форматта жүргізудің өзіндік ерекшеліктері мен қиыншылықтары, оқиға болған жерді тексеру, қылмыстық оқиға орнынан айғақтық заттарды табу, алу және бекіту, одан әрі сот сараптамасына жолдау мәселелері, тергеулік әрекеттердің түрлері мен қолдану аясы, адамның құқықтары мен бостандықтарына және денсаулығы мен өміріне қарсы қылмыстар, ұрлық, алаяқтық, интернет желісін пайдалануда алаяқтықтың қоғам арасында көптеп туындау мәселелері және оны ашуда криминалды полиция қызметкерлерінің атқаратын рөлі кеңінен қарастырылды.

Абай полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары Нурхат Беркинович Бапенов студенттерді полиция қызметіне шақырып, жас кадрларға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек жайын түсіндірді.  

Кездесу соңында «Тарих және құқық» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Ахат Жомартұлы Габдулов сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысын ұйымдастыруда практикалық маңызы зор ақпараттарымен бөліскені үшін Абай полиция бөлімінің бастығы міндетін уақытша атқарушы полиция подполковнигі Бақытжанов Тұрар Самигуллиевичке, кадр саясаты жөніндегі орынбасары полиция майоры  Нұрхат Беркінұлы Бапеновке, криминалдық полиция бөлімшесінің бастығының орынбасары полиция майоры А.С.Ихсанғалиге, тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі полиция майоры Д.А.Аминоваға, криминалистикалық тобының аға криминалисті полиция капитаны М.Муталовқа білім ордасы атынан алғыс білдіреді.

                                       

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.