2023 жылдың 13 ақпанында Педагогика факультеті, Тарих және құқық кафедрасының оқытушылары кәсіби бағдарлау жұмысы аясында Орал қаласының № 6 ЖББОМ 11-сынып оқушыларына 6В12301-«Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасын таныстырды.  Оқушылардың назарына жаттығу полигоны (сот отырысы залы, криминалистика кабинеті, медиация кабинеті), конференц-зал, спорт залы және акт залы ұсынылды. Арнайы пәндердің оқытушылары Х.М.Құсдавлетов, А.А.Кубашев, Ж.М.Жайлыбаева, А.Ж.Ғабдулов, «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының студенттері Р.К.Абдулов пен М.Л.Данилова (№ 6 орта мектептің түлектері) университет қабырғасындағы студенттік өмір туралы хабардар етті, ал өз кезегінде «Қабылдау және кәсіптік бағдарлау жұмысы» бөлімінің маманы Р.С.Ислямов оқушыларға оқуға түсу тәртібі мен шарттарын түсіндіріп берді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz