2023 жылдың 14 ақпан күні Тілдер және менеджмент факультетінің ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталығының өкілдері, психолог және нарколог мамандардың қатысуымен «Жастар – ұлт үмітін арқалаған ел ертеңі» тақырыбында семинар тренинг өткізілді. Семинарға Орал қаласының ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының кеңесші маманы Нуруллаева Айгерім Өмірбековна, Орал қалалық әйелдерге арналған әлеуметтік оңалту және бейімделу орталығының директоры Жүніс Талшынай Орынбековна, облыстық психо-наркологиялық диспансерінің жоғары дәрежедегі дәрігері Сатанов Нурлан Фатихоллаұлы қатысып, өз ойларымен бөлісті. Нарколог-маман Сатанов Нурлан Фатихоллаұлы студенттерге зиянды әдеттерге айналған темекі, нашақорлық, ішімдікке салыну, олардың денсаулыққа келтіретін зардаптарын және тәуелділіктің арты қайғылы жағдайларға апарып соғатынын кеңінен түсіндірді.
