2026 жылғы 30 наурызда Орал қаласындағы мектептер мен колледждерде кәсіптік бағдар беру жұмыстарының кестесіне сәйкес №32 жалпы орта білім беретін мектептің 11А, 11Б және 11Г сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.

Іс-шара барысында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Салалық технологиялар институтында оқытылатын мамандықтар туралы толық мәлімет беріліп, ақпараттық парақшалар таратылды.

Кездесу барысында №32 мектептің 2025–2026 оқу жылындағы 11А, 11Б және 11Г сыныптарындағы оқушылар саны туралы мәлімет ұсынылып, талапкерлерді қабылдау тәртібі мен емтихан шарттары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Құқық кафедрасының заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор А.А. Абдрашит университеттің шетелдік жоғары оқу орындарымен халықаралық байланыстары аясында студенттердің шетелде тағылымдамадан өту мүмкіндіктеріне, сондай-ақ студенттік өзін-өзі басқару ұйымының қызметіне ерекше тоқталды.

Сонымен қатар, А.А. Абдрашит оқушыларды заңгерлік білім алу жолдарымен, мамандықтың болашағымен және құқық саласындағы мамандарға деген сұраныспен таныстырды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz