2025 жылғы 27 ақпанда “Таза Қазақстан” Республикалық акция аясында 6В04202 Құқықтану, 6В04207 Сот-прокурорлық қызмет білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын 1,2,3 курс студенттері Құқық кафедрасының оқытушыларымен бірге, Жеңіс көшесі 137/1 мекен-жайында орналасқан кафедраның оқу корпусының жанындағы бекітілген аймағында қар тазалау сенбілігіне қатысты.

Ашық, аязды күні білім алушылар оқытушылармен бірге, күні бойы қалада соңғы күндері мол жауған қарды тазалауда бірге жұмыс жасады. Атырау және Маңғыстау облыстарының студенттері бұрын өз үйлерінде мұндай қар жауғанын көрмеген және сенбілікте екі есе қызығушылық танытты. Барлық білім алушылар ” Көз қорқақ – қол батыр” мақал-мәтелінің мағынасына және ұжымдық еңбектің күшіне көз жеткізді, осы кезде оқу корпусының бекітілген аумағы үлкен қар құрсауынан босатылып, ретке келтірілді.

Сенбіліктің барлық қатысушылары – 51 студент пен оқытушылар осы іс-шарада жауапкершілік танытты, олардың таза Егемен Қазақстанның игілігі үшін белсенді еңбек етуге дайындығы көрінді!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz