2023 жылы 15-желтоқсанында құқық кафедрасы педагогикалық шеберлік мектебі жұмысының аясында «Құқық пәндерін оқыту әдістемесі: негізгі педагогикалық жүйенің компоненттері және оларды жетілдіру жолдары: основные компоненты педагогической системы и пути их совершенствования» тақырыбында әдістемелік меминар өткізді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – бұл құқық пәндерінің оқыту процесінің жоспарлануында педагогикалық жүйенің компоненттері мен оларды жетілдіру жолдарын анықтау. Бұл жұмыстар оқытушылардың оқыту әдістемесін дамытуда, оқыту процесін жетілдіруді жасау үрдісінде өзара тәжірибе алмасуда көмек көрсету үшін пайдаланылады. Көрсетілген тақырыптар барысында оқытушылар жеке педагогикалық әдістемелерін жасау, топтастыру мен білім алушылардың қызығушылығын арттыру жолдарын талдау жасау үшін пайдаланылады.

Методикалық семинарда ПОҚ өзара тәжірибе бөлісіп, білім алушылардың білімін жетілдіру жолдары мен нақты әдіс тәсілдердің жағымды және жағымсыз жақтарын талдады.

Қорытындылай келе, дөңгелек үстел осы саладағы педагогикалық жүйені жақсарту мақсатында заң пәндерін оқыту бойынша тәжірибе және идеялармен алмасуға бағытталған.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz