23-24 сәуірде Салалық технологиялар институтының Құқық кафедрасында Қазақстан Республикасы көлемінде өткізіліп жатырған «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Құқықтану» және «Сот прокурорлық қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 1, 2, 3-курс студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамы Жеңіс 137/1 көшесінде орналасқан оқу ғимаратының аумағын тазарту және тазалауды ұйымдастырды.
Шара басында Құқық кафедрасының меңгерушісі Ж.К. Тулеугалиева, қатысушылар алдында сөз сөйлеп, өткен күні Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев Астанада өткізілген экологиялық форумда жастар алдында сөйлеген сөзінде «Таза Қазақстан» акциясы бір күндік шара емес, ол әрбір азаматтан, ауладан, көшеден, қаладан басталатынын айтты. Осы талаптарды жүзеге асыру арқылы біз бүгін өзімізге бекітілген аумақты және оның айналасын ретке келтіріп, санитарлық сенбілік өткізетінін қатысушыларға сәттілік тілейтінін атап өтті.
Студенттер мен ұстаздар сенбілікте көктемгі таза ауада екі күн белсенді және үлкен қуанышпен жұмыс жасады. Қатысушылар ағаштардың қалдықтарын кесіп, құрғақ жапырақтарды және аумақтан қоқыстарды тасыды. Соның нәтижесінде оқу ғимаратының бүкіл аумағы мен оның маңы түрленіп, оқу ғимаратының ауласындағы шеру алаңы толық ретке келтіріліп, ағаштар мен жиектер әктеліп, аумақтан шығарылған барлық қоқыс көлікке тиелді.
Жастар өздері жасаған тату ұжымдық жұмыстың жақсы нәтижесіне таң қалды.