2026 жылғы 23 қазанда «Сәулет және құрылыс» кафедрасының аға оқытушылары О.Б. Тюлепбергенова мен Л.Т. Койбагарова «Дизайн-код – жерге орналастыру жүйесінде қаланың бірыңғай сәулеттік-кеңістік келбетін қалыптастыру құралы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – үйлесімді, қауіпсіз және жайлы қалалық ортаны қалыптастыру үшін жерге орналастыру мен қала құрылысын жоспарлауда дизайн-кодты қолдану мүмкіндіктерін талқылау.
Дөңгелек үстел жұмысына Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің «Сәулет және урбанистика орталығы» КММ мамандары: мониторинг секторының меңгерушісі Байжанов Данияр Кумарғалиұлы, урбанистика бөлімінің маманы Қуанышқалиев Бекет Сергейұлы және заңгер Сукпусунова Сания Мәжитқызы қатысты. Шақырылған сарапшылар Орал қаласының кеңістіктік дамуына мониторинг жүргізу, дизайн-кодты қолдану және үздіксіз кәсіби білім беру мәселелері бойынша баяндамалар ұсынды.
Оқытушылар мен білім алушылар қаланы жоспарлау және оның сәулеттік келбетін қалыптастыруға қатысты өзекті мәселелерді белсенді талқылады. Іс-шараға қатысу білім алушыларға жерге орналастыру және урбанистика саласындағы білімдерін тереңдетуге, сондай-ақ қала құрылысы шешімдерін сараптамалық талқылау тәжірибесін меңгеруге мүмкіндік берді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар дизайн-кодты жерге орналастыру және қала құрылысын жоспарлау жүйесіне енгізу біртұтас, жайлы әрі қауіпсіз қалалық кеңістікті қалыптастырудың маңызды шарты екенін атап өтті.

