Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Наурызнама» тұжырымдамасы аясында Құқық кафедрасының ұйымдастыруымен ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған мазмұнды мәдени іс-шара өткізілді.Аталған шараның басты мақсаты – қазақ халқының бай мәдени мұрасын, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жастар арасында кеңінен насихаттау, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулу және студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.

Іс-шара барысында студенттерден құралған топтар қазақ халқының түрлі салт-дәстүрлерін сахналық көрініс арқылы таныстырып, олардың тәрбиелік мәні мен маңызын әсерлі түрде көрсете білді. Әрбір қойылым ұлттық рухты көтеріп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Шара соңында барлық қатысушы топтар мен оларды дайындаған топ эдвайзерлері белсенді қатысқаны және ұлттық дәстүрлерді насихаттауға қосқан үлесі үшін дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Осындай тағылымды іс-шаралар ұлттық мәдениетті дәріптеуге, жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға және дәстүр сабақтастығын жалғастыруға үлкен ықпал етеді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz