БҚИТУ СТИ-да «Наурызнама» тұжырымдамасы аясында көлік және технологиялар кафедрасында 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне арналған тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күн ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді насихаттауға арналған маңызды мерекелердің бірі болып табылады.

Іс-шараға кафедраның білім алушылары мен профессор-оқытушылар құрамы белсенді қатысып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мазмұнды кездесу өткізілді. Шара барысында қатысушыларға арнап мерекелік дастархан жайылып, қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары және ұлттық мәдени мұрасы туралы әңгімелер айтылды.

Кездесу барысында студенттер өзара пікір алмасып, ұлттық мәдениетке деген қызығушылықтарын білдірді. Сонымен қатар, ұлттық дәстүрлердің тәрбиелік мәні мен қоғамдағы орны туралы ой бөлісіп, қазақ халқының бай рухани мұрасының маңыздылығы атап өтілді.

Осындай тәрбиелік маңызы бар шаралар студенттердің рухани дүниесін байытып, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға, ұлттық мәдениетті құрметтеуге және салт-дәстүрлерді дәріптеуге ықпал етеді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz