2026 жылғы 19 қаңтарда БҚИТУ мен БҚО Полиция департаменті, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының Прокуратурасы арасында жасалған ынтымақтастық туралы Меморандумдар аясында Құқық кафедрасының СТИ бітіруші курсында оқитын заңгер-студенттердің өндірістік практикадан өтуін ұйымдастыру бойынша жұмыс кеңестері өтті.

Сағат 10:00-де Пугачев көшесі, 45-үй мекенжайында орналасқан Полиция департаментінің жедел кеңестер залында 6В04202 «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 4-курс студенттерінен құралған 15 адамнан тұратын топты Құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Рахметов Т.Х таныстырды. Полиция департаменті тарапынан кеңеске БҚО ПД бастығының кадрлық және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Жалғасов Н.Т., Жедел-криминалистикалық басқарманың бастығы полиция полковнигі Магзомова А.Т., Тергеу басқармасының бастығы полиция полковнигі Салықов А.А., Кадрлық және тәрбие жұмысы басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Туменова Н.Б., сондай-ақ Орал қаласы бойынша ПБ-ның жауапты қызметкерлері, кадр қызметі, қылмыстық полиция және Анықтау басқармасының өкілдері қатысты.

Полиция департаменті бастығының орынбасары Жалғасов Н.Т. төрағалық еткен кеңесте бітіруші курс студенттерінің нәтижелі практикадан өтуіне қатысты барлық жұмыс мәселелері талқыланып, полиция қызметкерлерінің қызметімен жақынырақ танысу жөнінде ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ ПД қызметтерінің басшылары сөз сөйлеп, практика кезеңіндегі өз талаптарын жеткізіп, студенттерді өз бөлімшелеріне шақырды.

Құқық кафедрасының өкілі Рахметов Т.Х кафедрада әзірленген практикадан өтуге арналған әдістемелік ұсынымдарды, практика мерзімдерін таныстырып, Полиция департаменті қызметтерінің басшыларынан студенттерге тәжірибелі тәлімгерлерді бекітіп беру туралы өтініш білдірді. Кеңес барысында барлық студенттер өз қалауы бойынша ПД-ның Тергеу басқармасына, Жедел-криминалистикалық басқармасына, Қылмыстық полициясына және Анықтау бөлімдеріне бөлінді.

Кеңес қорытындысын шығара отырып, полиция полковнигі Жалғасов Н.Т. студенттердің сұрақтарына жауап беріп, өндірістік практикадан сәтті өтулеріне тілектестік білдірді және оқу аяқталғаннан кейін полиция қызметіне келуге шақырды.

Осы күні сағат 15:00-де БҚО Прокуратурасының кадр қызметінің басшысы, әділет кеңесшісі Нұрсұлтанова Д.Е-мен келісім бойынша Орал қаласының прокуроры, аға әділет кеңесшісі Изимов М.Е төрағалығымен осындай мазмұндағы кеңес өтті. Кеңеске аталған құқық қорғау органының кадр қызметінің басшысы, 1-сыныпты заңгер Нұршарипова М.Б. де қатысты.

Құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Рахметов Т.Х 4-курс студенті болып табылатын 7 заңгер-студентті таныстырып, практикадан өтуге арналған әдістемелік ұсынымдар мен мерзімдерді жеткізді және тәжірибеден өтушілерге тәжірибелі тәлімгерлерді бекіту туралы өтініш білдірді. Қала прокуроры Изимов М.Е студенттерге практикадан өтуге қойылатын талаптарды түсіндіріп, жеке тәжірибесіне сүйене отырып өз тілектерін білдірді, сұрақтарға жауап беріп, оларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, оқу аяқталғаннан кейін түлектерді прокуратура органдарына қызметке келуге шақырды.

Кеңес қорытындысы бойынша студенттер прокуратураның тергеу, анықтау және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімдеріне, сондай-ақ қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау бөлімдеріне өндірістік практикадан өту үшін бөлінді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz