2025 жылдың 22 қаңтар күні БЖЗ-22, СТР-22, ЗК-22 топтарында «Құқық» кафедрасының аға оқытушысы Г.А. Айешева «Кәсіпорын шаруашылық субъектісі ретінде» тақырыбында «Кәсіпорын экономикасы» пәні бойынша ашық практикалық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда табу мақсатында өнім өндіру, жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін кәсіпорынның дербес шаруашылық жүргізуші субъект ретіндегі маңызын игеру.
Практикалық сабақта жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның негізгі міндеттері мен функциялары және олардың жіктелуі, кәсіпорынның өмірлік циклінің кезеңдері ашылды. Оқытушы оқытудың келесі белсенді әдістерін қолданды: Джигсо топтық жұмыс әдісі – «Постерді қорғау», «Миға шабуыл», CLIL технологиясы. Білім алушылардың білімін бақылау және бағалау мақсатында оқытушы «Word wall», «TARSIA» бағдарламаларын, түрлі тапсырма карточкаларын және интерактивті жаттығуларды қолданды.

