2024 жылдың 13 қарашасында ВЕТ-32О тобының 3 курс студенттерімен «Радиациялық күйіктер және олардың салдары» тақырыбында «Ветеринариялық радиобиология» пәні бойынша практикалық сабақ іскерлік ойын форматында өткізілді.

Сабақтың негізгі мақсаты — радиациялық әсердің жануарларға тигізетін салдарын бағалау мен жоюдағы практикалық дағдыларды дамыту.

Өткізілген сабақтың жоспары бойынша радиациялық оқиғаны модельдеуді қамтыды. Сабақ барысында білім алушыларды ветеринар маманы, радиобиологтар және зардап шеккен жануарлардың иелері рөлдерін иемденіп, топтарға бөлінді. Әрбір топ алдын-ала балаудың жоспарын құрып, емдеу әдістерін тағайындап, радиацияның одан әрі әсерінің алдын алу шараларын ұсынуы талап етілді.

Ойын барысында білім алушылар радиациялық күйіктің деңгейін бағалауды, радиобиологиялық қауіпсіздік білімдерін қолдануды және шынайы кәсіби қызметке жақын жағдайларда жұмыс істеудің дағдыларын үйренді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz