2024 жылдың 14 қарашасында «Құрылыс» студенттік ғылыми-зерттеу үйірмесі аясында «Сәулет және құрылыс» кафедрасының аға оқытушы Б. Н. Аманова «Сәулет-құрылыс қызметіндегі заманауи ақпараттық технологиялар мен инновациялар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге «Инжиниринг және кәсіби сертификаттау орталығының» жетекшісі А.А. Кажияхметова және кафедра оқытушылары мен білім алушылары қатысты.
Іс-шараның мақсаты: сәулет-құрылыс қызметі саласында озық ақпараттық технологияларды әзірлеу және қолдану тәжірибесін талқылау; студенттік ортада зерттеу қызметін танымал ету және болашақ мамандардың кәсіби даярлық деңгейін арттыру.
Іс-шараға қатысушы білім алушылар Қазақстанның сәулеті мен құрылысында жасанды интеллектті дамыту перспективалары, құрылыста VR және AR технологияларын пайдалану, цифрлық және BIM-технологияларды дамыту туралы өзекті тақырыптармен сөз сөйледі. Студенттер өз жобаларын ұсынды, жеке әсерлерімен бөлісті және жаңа технологияларды енгізу мәселелерін талқылады. Дөңгелек үстел соңында кафедра меңгерушісі Н. М. Бекқалиев өткізілген іс-шараның маңыздылығын, көтерілген мәселелердің өзектілігін және ғылыми-жобалық қызметті дамыту қажеттілігін атап өтті.


