Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, салалық технологиялар институтының биыл 25 жылдық мерейтойына орай және 2025 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденов таңдалды. Осыған орай «Өмірі –өнеге, шығармасы –мұра» атты әдеби шара өткізілді. «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі», «Құрылыс», «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламаларынның 1 курс студенттері белсене қатысты.
Әдеби шараның мақсаты: қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, студенттерге олардың туындыларын таныстыру, әдебиетке деген қызығушылықты арттыру және «Талантты тұлғалардың әдеби мұрасы» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, көрермендерге осы қаламгерлердің кітаптарын ұсыну.

