Білім сапасы апталығы аясында филология ғылымдарының кандидаты, «Шетел тілдері және аударма ісі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры  Матжанова Гульвира Жусуповна «Using AI in English Language Teaching» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.

Шара барысында ағылшын тілін оқыту үдерісінде жасанды интеллектіні қолданудың заманауи тәсілдері қарастырылып, қатысушылар цифрлық технологияларды білім беру үдерісіне енгізудің тиімді құралдарымен және практикалық мысалдарымен танысты.

Шеберлік сабағы оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және цифрлық сауаттылығын дамытуға ықпал етті.

Шеберлік сабағының мақсаттары: ағылшын тілін оқытуда жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктерімен таныстыру; AI құралдарын оқу үдерісіне енгізудің практикалық тәсілдерін көрсету; оқытушылардың цифрлық және әдістемелік құзыреттілігін дамыту; жасанды интеллект технологиялары арқылы ағылшын тілі сабақтарының тиімділігі мен интерактивтілігін арттыру.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz