2025 жылғы 12-қарашада «Сапа апталығы-2025» әдістемелік апталығы аясында «Дене тәрбиесі және информатика» кафедрасының аға оқытушысы Ж.З.Гиззатов пен оқытушы Н.Н.Бекбулатовалардың ұйымдастыруымен математика пәнінен «Фигуралардың ауданы, оның негізгі қасиеттері» тақырыбына шеберлік сағаты оздырылды. Шеберлік сағатына ПМНО-111ОДК, Мат-111ОДК, Мат-111ОДВ, Инф-111ОДК, Инф-111ОДВ топ студенттерімен қатар БҚИТУ-нің оқытушылары қатысты.
Сабақ барысында студенттер «Үшбұрыш» және «Төртбұрыш» топтарына бөлінді. Оқыту үдерісі ойын түрінде ұйымдастырылып, танымдық бағыттағы «Кальмар ойыны» математикалық мазмұнда өтті.
Барлық кезеңдерде студенттер жоғары белсенділік танытып, өз білімдерін шығармашылықпен көрсете білді. Сабақ басында әділқазылар алқасы сайланып, әр топтың жұмысы бағаланды. Әділқазылар шешімі бойынша «Төртбұрыштар» тобы жеңімпаз атанып, үздік нәтиже көрсеткен студенттер марапатталды.
Сабақ соңында студенттермен кері байланыс жүргізіліп, олардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды.

