2026 жылғы 30-қазан мен 1-қараша аралығында Үндістанның Бангалор қаласында өткен XVI WKC Балалар, кадеттер, жасөспірімдер, ересектер және ардагерлер арасындағы каратэден әлем чемпионатында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Габдуллин Габдулла жоғары нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Жарыс барысында спортшымыз Санбон Кумитэ +65 және Иппон Кумитэ санаттары бойынша өнер көрсетіп, қос бірдей І орынды иеленіп, әлем чемпионы атанды.
Бұл жеңіс – тынымсыз еңбектің, табандылықтың, тәртіп пен жеңіске деген жігердің жемісі. Габдулланы айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтап, келешекте де әлемдік ареналарда университетіміз бен еліміздің намысын абыроймен қорғап, мемлекет туын биікте желбірете беруіне тілектеспіз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz