2022 жылдың 19 сәуірінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің әкімшілігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес мүшелерімен бірлесіп Тілдер және менеджмент факультетінің студенттерімен кездесу өткізді. Кездесуге эдвайзерлерде қатысты.
Күн тәртібінде:
1. Университетте сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған «Sanaly urpaq» жобасы аясындағы шаралар.
2. Тәрбие жұмыстарын жүзеге асырудың жаңа жолдары.
3. Ашық алан форматында студенттердің сұрақтарына жауап беру сынды сұрақтар қарастырылды.
Университет ректоры Р.С. Габдуалиева өз сөзінде: «Университетіміздің білім беру үдерісінің барлық субъектілеріне жұмыс пен оқуға деген тұрақты қызығушылықты дағдыландыру, білім мәдениетін қалыптастыру үшін адалдық, ашықтық, еңбексүйгіштік, өзін-өзі тәрбиелеу сияқты жеке қасиеттерді насихаттау бойынша білім алушы мен білім берушілер толықтай жұмыстану қажет» деді.

Ашық алаң форматында өткен жиын барысында студенттер де университетте жүргізіліп жатқан оқу процесі мен тәрбие жұмыстарын жаңа форматта жүргізу туралы өз ұсыныстарын ортаға салды.
Кездесу соңында студенттермен байланыс онлайн ректор блогы арқылы да және ректордың қабылдау күндері кезінде де жалғасын табатындығын жеткізді.