2022 жылдың 20 сәуірінде “Дене шынықтыру және спорт” және “Шет тілі: екі шет тілі” білім беру бағдарламаларының студенттері «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы Г.А.Жумагулованың жетекшілігімен М.Мәметова атындағы мемориалдық мұражайға барды. Бұл іс-шара халқымыздың батырлық тарихы негізінде патриоттық сезімді тәрбиелеу мақсатында және М.Мәметованың туғанына 100 жыл толуына арналған. Мұражай қызметкерлері КСРО батыры Мәншүк Мәметованың өмірі мен ерлігі туралы әңгімелеп, мұражайға саяхат жасады. Студенттерге М.Мәметованың хаттары, жеке заттары, тұрмыстық құралдары мен фотосуреттері көрсетілді. Студенттер мұражайда Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары туралы танымын кеңейтіп, құнды экспонаттарды тамашалады.

Мұражай қызметкерлеріне экскурсияны ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамыз.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz