Футбол – біздің институттымыздың қызықты спорт түрі болып табылатын кейс аясында өткізілді.
2024 жылдың 7 қазанында Салалық технологиялар институтының жалпы білім беру пәндері кафедрасының аға оқытушылары Шалаев Б.Б., Утебалиев М.М. ұйымдастыруымен 1-3 курс студенттері арасында футболдан чемпионат өткізілді.
Бұл шараның мақсаты – салауатты өмір салтын және Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің спорт залын насихаттау, және студенттердің бос уақытын тиімді өткізу. Барлығы бес команда қатысып, 50 қатысушы жүлдені сарапқа салды. 1 орын – ЮР-31 тобы, 2 орын – АРХ-14 тобы, 3 орын – АРХ-13 тобы иеленді.

